Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазақстанда ”Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” акциясы басталды

Қазақстанда ”Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” акциясы басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Еліміздің барлық аймақтарында ағымдағы жылдың 25 қарашасында “Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” республикалық акциясы бастау алды. Акцияның мақсатыотбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағытқылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдыналу және үйдегі тәртіп пен тыныштықты сақтау.

Акция барысында полицейлер тұрмыста құқық  бұзушылық жасауға бейім адамдарды, алкогольдік ішімдікке құмар тұлғаларды, сондай-ақ қолайсыз отбасыларды тұрғылықты жерлері бойынша тексереді. Қорғау ұйғарымдары шығарылған не мінез-құлқына ерекше талап қойылған адамдардың белгіленген шектеулерді сақтауларына ерекше назар аударылады.

Бұдан бөлек үкіметтік емес ұйымдардың дағдарыс орталықтарының алаңында тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен адамдармен отбасылық-тұрмыстық қатынастардың құқықтық мәселелеріне қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Акция барысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шаралар жоспарланған.

Іс-шара 10 желтоқсанға дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру