Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда аса ірі мөлшерде есірткі сақтаған тұрғын ұсталды

Аса ірі мөлшерде есірткі сақтаған Тараз тұрғыны 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел ақпаратты іске асыру барысында Тараз қаласының 33 жастағы тұрғынын ұстады. Жеке тінту кезінде полицейлер «каннабис шайыры» есірткі затының 44 бумасын тәркіледі.

Күдіктінің тұрғын үйін тексеру барысында Малыш қызметтік-іздестіру итінің көмегімен оның ас үй бөлмесіндегі газ плитасының астынан есірткі заты оралған екі бума табылды. Тәркіленген «каннабис шайыры» есірткі затының жалпы салмағы 628 грамнан асады. Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бұл бап бойынша 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру