Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында мал ұрлығының 14 дерегі ашылды

Қызылорда облысында мал ұрлығының 14 дерегі ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бірінші тоқсанға арналған нұсқауына сәйкес, жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізу кестесі бойынша мал ұрлығының алдын алу, жолын кесу, оларды жасауға қатысты бар адамдарды анықтау, ұстау және қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында департамент бастығының бұйрығымен осы жылдың караша айының 28-30 күндері аралығында облыс көлемінде «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара бойынша департаменттің барлық қызмет салаларымен бірлесе отырып жоспар бекітілді. Жедел-профилактикалық іс-шараға жеке құрамның күш-құралдары жұмылдырылды. Шара кезінде өткен жылдары жасалған екі қылмыс ашылды.

Жүргізілген жедел жұмыстардың нәтижесінде мал ұрлығымен тіркеліп, кейін малы далалық жерден табылуына байланысты 14 қылмыстық іс өндірістен тоқтатылды. Ұрланған және жоғалған 20 бас мал табылып, иелеріне қолхатпен қайтарылды.

Сонымен қатар барлық аудандар мен облыс орталығында мал және ет өнімін тасымалдау фактілерін анықтауға және ет өнімін сататын базарлар мен жайылым орындарын тексеру үшін мобильдік топтар құрылып, жұмыстар атқарылды.

Ұрланған және иесіз жүрген малды анықтау мақсатында мал және ет өнімдерін тасымалдаған 410 автокөлік, мал және ет өнімдерін сататын 166 орын, 100 фермерлік шаруашылық, шалғайдағы нүктелер тексерілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру