Ер адам өзін әйелмін деп таныстырып, қарағандылық тұрғынды алдап кеткен
Ер адам өзін әйелмін деп таныстырып, қарағандылық тұрғынды алдап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды қаласы ПБ Жаңа Майқұдық полиция бөліміне 33 жастағы қала тұрғыны жүгінген. Ер адам оны бір әйел алдап, 350 мың теңгесін иемденіп алғанын айтқан. Белгілі болғандай, желіде жәбірленуші оған романтикалық кеш өткізуге уәде берген азаматшамен танысқан.
Қызға деген қызығушылық ол суреттерін жіберген кезде арта түсті. Бірақ ер адам көрсетілген есепшотқа белгілі бір соманы аударған жағдайда ғана кездесу өтуі мүмкін болған. Белгісіз әйел оған сәйкес киім сатып алып, өзін ретке келтіру керек екенін және оған ақша қажет екенін түсіндірді. Кездесуді күтіп, арызданушы “ханымға” 350 мың теңге жіберген. Сол уақыттан бері бейтаныс адам байланысын тоқтатты. Алаяқтықтың құрбаны болғанын түсінген ер адам полицияға жүгінген.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері жәбірленушімен хат жазысып жүрген азаматты ұстады. Ол 28 жастағы жігіт болып шықты. Ол жәбірленушіні сендіру үшін өзін әйелмін деп көрсеткенін мойындады.
ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықталып жатыр.