Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде қыз зорлағаны үшін 8 жылдан бері іздеуде жүрген ресейлік қолға түсті

Ақтөбеде қыз зорлағаны үшін 8 жылдан бері іздеуде жүрген ресейлік қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

30 қарашада Ақтөбе облысының ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері ҚР ҰҚК Ақтөбе облысы бойынша Шекара қызметі департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, 8 жылдан астам сот төрелігінен жасырынған Ресей Федерациясының азаматын ұстады.

Орынбор облысының 35 жастағы тұрғыны Ақтөбе қаласындағы жиһаз цехтарының бірінде ұсталды.

Күдікті ҚР ҚК-нің 120-бабы 2-бөлігі (Зорлау) бойынша іздеуде жүрген. Қазіргі уақытта ұсталған адам Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру