Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Балқашта бір топ жасөспірім кәсіпорындарға ұрлыққа түскен

Балқашта бір топ жасөспірім кәсіпорындарға ұрлыққа түскен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды ​​облысы Балқаш қаласының полиция бөліміне ЖШС бірінен ұрлық жасалғаны туралы хабарлама келіп түскен. Түнде белгісіз біреу кәсіпорынның қоймасына кіріп, темір жолдың жұмысын қамтамасыз ететін металл бұйымдарын ұрлап кеткен. Ал бұл рельстерге арналған 31 төсем және 69 балдақ. Келтірілген шығын көлемі 645 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті ретінде 15-17 жас аралығындағы үш жасөспірімді ұстады. Олар ұрланған заттардың металл сынықтарын дайындау пунктіне тапсырылғанын түсіндіріп, кінәсін мойындады. Заттай дәлелдемелер алынды.

Сондай-ақ полиция ұсталғандардың осыған ұқсас тағы екі қылмысқа қатыстылығын анықтады. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру