Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері көлігі істен шыққан әйелге көмектесті

Петропавл тұрғыны Instagram желісіне story жариялаған. Ол қиын жағдайға тап болған кезінде көмек көрсеткен Мамлют ауданының учаскелік полиция инспекторына және жүргізушілерге алғысын білдірген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 қараша, аязды жексенбі күні екі баласымен Петропавлға жол тартқан әйелдің Mercedes автокөлігі Дубровное ауылының маңында істен шыққан. Жолшыбай өтіп бара жатқан жүргізушілер көмек көрсетпек болған, біреуі полицияға хабарласқан. Шақыртуға Мамлют ауданы ПБ учаскелік инспекторы Әлібек Осипов шыққан. Көлік ақауы күрделі болғандықтан, эвакуатор шақыртуға тура келді. Дей тұрғанмен, келіншек полицейлерге және жүргізушілерге ризашылығын білдірген. Олар жол үстінде қиын жағдайда қалдырмай, әйелді де балаларын да жылыну үшін көліктеріне отырғызған.

Полиция қызметкері Осипов адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жолдағы қозғалысты реттеген.

– Жол-жөнекей өтіп бара жатып көмек көрсеткен жүргізушілерге, әсіресе, полиция қызметкері Әлібек Осиповқа ерекше алғысымды білдіремін, – деп жазған әйел.

Полицейлер Солтүстік Қазақстанның қатал климатында құтқарушылардың SMS-хабарламаларын қадағалап, алыс сапарға шығар алдында көліктерінің техникалық жағдайын тексеруді ұмытпауларын ескертеді. Сонымен қатар өздерімен бірге жылы киімдерін, телефон қуаттайтын құрылғыларын, көлік жөндейтін құрал-саймандарын ала шыққан дұрыс екенін де еске салды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру