Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері есірткі айналымына қатысты күдікке ілінген жігітті іздеп жатыр

СҚО полицейлері есірткі айналымына қатысты күдікке ілінген 23 жастағы қала тұрғынын іздестіріп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл тұрғыны Александр Матвеев осы жылғы тамыз айының ортасында есірткімен байланысты қылмыс бойынша күдікке ілінді. Одан “тұз” деген атаумен белгілі 4,77 грамм α-PvP синтетикалық есірткісі тәркіленді. Бұл аса ірі көлемге жатады. Күдікті соттан жасырынған. Қылмыстық қудалау органы қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтінішхат жолдады.

Ерекше белгілері: бойыының ұзындығы – 190-195 см, дене бітімі – арық, шашы – қысқа, сары, көзі – қоңыр, қолдарында татуировка бар.

Полиция қызметкерлері оның жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат болған жағдайда, 8 (7152) 61-93-75, 61-93-65, +7-776-580-80-82 телефонына немесе “102” арнасына хабарлауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру