Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында терроризм актісі туралы жалған хабарлама берген жасөспірім ұсталды

Алматы облысында терроризм актісі туралы жалған хабарлама берген жасөспірім ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

30 қарашада Талғар аудандық Полиция басқармасының кезекші бөліміне колледждердің бірінде терроризм актісі болатыны жайында ақпарат келіп түсті.

Оқиға орнына саперлер, кинологтар және басқа да мамандар шақырылып, барлық ғимарат тексерілді. Ақпарат расталмады. Бұл құқық бұзушылық Талғар ауданы ПБ-да ҚР ҚК 273-бабы «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама» бойынша тіркелді.

Жедел-іздестіру жұмыстары барысында ПД ЭҚІҚБ қызметкерлері Алматы облысы бойынша ҰҚКД-мен бірлесіп күдіктінің жеке басын анықтады. Ол 13 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Қазіргі уақытта тергеушілер кәмелетке толмаған баланың заңды өкілдері мен психологтардың қатысуымен барлық қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр.

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл (бүгінгі күні – 14,5 млн теңге) не сол мөлшерде түзеу жұмыстары түріндегі жаза, сондай-ақ бес жылға дейінгі мерзімге шектеу немесе бас бостандығынан айыру көзделген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру