Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысы ПД бастығының бірінші орынбасары автопарк қызметкерлерімен кездесті

Қарағанды облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары “Автобус” жедел алдын алу іс-шарасының аясында автопарк қызметкерлерімен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облысының аумағында 5-11желтоқсан аралығында республикалық “Автобус” жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр. Шараның негізгі мақсаты – азаматтарды тасымалдайтын қоғамдық көліктердің жүргізушілері арасында заңдылықты және жол жүру ережелерін қатаң сақтау. Республика көлемінде өткізіліп жатқан іс-шараға полиция қызметкерлерімен қоса жергілікті әкімшілік, көлікті бақылау инспекциясы, мемлекеттік кіріс органдары “ҚазАвтоЖол” акционерлік қоғамы және “Атамекен” аумақтық палатасының өкілдері тартылды.

– Іс-шара аясында мүдделі орган қызметкерлерімен бірлесіп, азаматтарды тасымалдайтын қоғамдық көліктердің басшыларымен бірлесіп, көлік жүргізушілер тарапынан жол жүру ережелерін бұзбау, қоғамдық қауіпсіздікті қадағалау бойынша кеңестер өткізіп жатырмыз. Көлікті бақылау инспекциясы қызметкерлерін жұмылдыру арқылы жүргізушілердің күнделікті жұмысқа шығар алдында көлік құралдарының талапқа сай болуы, жүргізушілердің медициналық куәландырудан өтуі барлығы басшылыққа алынып, тексеріліп отырады. Сонымен қатар қазіргі уақытта көлікті бақылау инспекциясымен бірлесіп, азаматтарды заңсыз  тасымалдайтын қоғамдық көліктерді анықтау бойынша да кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қоғамдық көлік жүргізушілер тарапынан қарапайым жол жүрі ережелерінің талаптарын сақтау, көлікте қауіпсіздік белдігін тағумен жол жүру кезінде телефонды қолдануға жол бермеу мәселелері қаралады, – деді Қарағанды облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Құрманғали Ысмағұлов. 

Қарағанды облысында жолаушылармен жүк тасымалдайтын 26 автобус паркімен 839 автобус бар. Оның ең ірісі “№3 автопарк” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Онда 19 бағытты қамтамасыз ететін 420 автобус бар. Сондықтан да аталған автопаркке департамент бастығының бірінші орынбасары Құрманғали Ысмағұлов арнайы барып, жұмыс кеңесін өткізді.

– Жыл басынан бастап облыс аумағында автобустардың қатысуымен 14 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оның салдарынан төрт адам қаза тапса, 41 адам әртүрлі дене жарақаттарын алды. Оның ішінде сіздердің автопаркке тиесілі 8 факт тіркелген. Жыл басынан бастап облыс бойынша әкімшілік жауапкершілкке 1447 автобус жүргізушісі тартылса, соның ішінде “№3 автопарк” ЖШС-ның 1277 жүргізушісі бар. Сондай-ақ қоғамдық көлік жүргізушілерінің тәртібі мен мәдениетінің төмендігін атап өткен жөн. Сонымен қатар автобус жүргізушілердің бір-бірімен жарысады. Әлеуметтік желілерде қоғамдық көлік жүргізушілердің бір-бірімен, сонымен қатар кондукторлармен жолаушылар арасындағы кикілжің мен қарым-қатынастарын дәлелдеуі жиі кездеседі. Автобус жүргізушілердің қарапайым жол жүру ережелерін өрескел бұзуы – қайғылы жағдайға әкеп соғатын да атап өткім келеді. Мәселен “ДСК” көпірінде сіздердің автопарктің екі автобусының соқтығысуынан автобус жүргізушісімен бір жолаушысы қайтыс болып, шамамен 25 адам зардап шекті. Бүгінгі кездесу осындай қайғылы жағдайларға жол бермеу үшін сіздердің тараптарыңыздан жол жүру ережелерін сақтауға, жолаушылардың өміріне жауапкершілікпен қарауға шақыру, – деді Құрманғали Ысмағұлов.

Жиын барысында полиция қызметкерлері автобустардың жұмысқа шығарда техникалық байқаудан өту және жүргізушілерді медициналық куәландырудан өту сұрақтары қызықтырды.

– 15 шақырым жүріп өткен әрбір автобус техникалық байқау мен диагностикадан өтуге жіберіледі. Жұмысқа шығарда және жұмыстан келген соң көлік жүргізушілер ішімдік ішкен ішпегенін және қан қысымын өлшеу бойынша куәландырудан өтеді. Қараша айынан бастап автобустарда жол ақысын төлеу электрондық жүйеге ауыстырылып, барлық автобустардан кондукторлар алып тасталды. Қазіргі уақытта тұрғындар тарапынан бізге шағым жоқ, – деп атап өтті “№3 автопарк” ЖШС директоры Артур Григорян. 

Жиын соңында департамент бастығының бірінші орынбасары Құрманғали Ысмағұлов қоғамдық көлік жүргізушілерді жол жүру ережелерін қатаң сақтап, жылдамдықты шектен тыс асырмауға шақырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру