Ақтөбе облысында 23 жүргізуші жолаушыларды тасымалдау ережесін бұзған
5-11 желтоқсан аралығында облыс аумағында «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шараның мақсаты – жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жолаушылар көлігіндегі апаттың алдын алу.
ЖПІШ барысында автобустардың жолаушылар мен жүктерді тұрақты және тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру құжаттарының болуына, автобустардың техникалық жай-күйіне және олардың конструкциясының белгіленген талаптарға сәйкестігіне, автобус жүргізушілерінің рейстік медициналық және техникалық тексерулерден өтуіне және ерекше назар аударылады.
Іс-шараның алғашқы күндерінің нәтижелері бойынша облыстық ПД жеке құрамы жолаушылар автокөлігімен жіберілген 100 бұзушылықтың жолын кесті. Оның ішінде жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін 23 жүргізуші, маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін 16 және телефон немесе радиостанцияны пайдаланғаны үшін 23 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ мас күйінде автобусты басқарудың бір фактісі анықталды.