Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлер «Автобус» іс-шарасы кезінде 800-ден астам құқық бұзушылықты анықтады

Түркістандық полицейлер «Автобус» іс-шарасы кезінде 800-ден астам құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының аумағында полицейлер 5-11 желтоқсан аралығында «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Негізгі мақсат – жол қозғалысы қауіпсіздігінің алдын алу, жол-көлік оқиғаларын азайту мен қоғамдық көлік жүргізушілері арасында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтарды анықтау.

Іс-шараны өткізуге 560-тан астам полицей, мүдделі органдар мен жұртшылық өкілдері жұмылдырылды. Аталған іс-шараның үш тәулігінде полицейлер 814 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде 3 жайт жолаушыларды заңсыз тасымалдау дерегі. Ал көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонды пайдаланғаны үшін 232 жүргізуші, маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін – 150, жылдамдықты асырғаны үшін – 5, қарсы қозғалыс жолағына шыққаны үшін – 1, техникалық байқаудан өтпегені үшін – 118, жолаушылар мен багажды тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін – 112 мен заңсыз қайта жабдықтағаны үшін 38 құқық бұзушыны жауапқа тартты.

Рейд барысында ҚР міндетті сақтандыру туралы заңнамасын бұзудың 42 жайты анықталып, 44 автокөлік айыптұраққа қойылды. 260-тан астам автобустың техникалық жай-күйі, жылытуы және т.б. сәйкестігі тексерілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру