Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында ауыл тұрғынынан 3 келіден астам марихуана тәркіленді

Абай облысында ауыл тұрғынынан 3 келіден астам марихуана тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қараша айының соңда «Рефлекс», «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ өткізу барысында Бородулиха АПБ жедел уәкілдері облыстық ПД ЕҚҚІҚБ қызметкерлерімен бірлесе отырып, есірткі құралдарын заңсыз сақтады деген күдікпен Бородулиха ауданының 34 жастағы тұрғынын ұстады. Оның тұрғылықты жерін тінту барысында Арчи қызметтік-іздестіру иті кіреберіс бөлмесінде белсенді белгі береді. Ол жерден жасыл түсті, спецификалық иісті өсімдік тектес заттары бар 4 полиэтилен пакет табылып, тәркіленді.

Сараптама нәтижесі көрсеткендей, тәркіленген зат салмағы 3 келі 52 грамм кептірілген марихуана есірткісі екені расталды.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру