Түркістан полицейлері базардан арба ұрлаған күдіктіні анықтады
Түркістан полицейлері базардан арба ұрлаған күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан қалалық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, құны 60 мың теңге тұратын арбасын орталық базардан белгісіз біреулер жымқырып кеткен.
Аталған жайт қалалық Полиция басқармасына ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркелді.
Оқиға орнына сол мезетте жедел жеткен учаскелік полицейлер дүкендерге орнатылған бейнекамераларды мұқият тексеріп, куәлардан сұрақ-жауап алды. Нәтижесінде күдіктінің ұрлық жасаған сәтіндегі бейнежазбасы анықталып, күдікті ер адам сол күні анықталды.
Белгілі болғандай, күдікті базарда қараусыз тұрған арбаны көріп, жымқырып, оқиға орнынан ізін суытқан. Содан соң арбаны темір өткізетін орынға сатып жіберген. Қазіргі таңда күдікті деп танылған ер азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.