Өскемен тұрғыны алаяққа алданып қалды
Өскемен тұрғыны алаяққа алданып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өскемен қаласының Үлбі полиция бөліміне 25 жастағы қала тұрғыны жүгінген. Ол маусым-тамыз айлары аралығында бейтаныс адам қаржылық көмек көрсету көмегі арқылы оның 400 мың теңгесін және оның атына мобильді қосымша арқылы ресімделген екі қымбат смартфонды алдап алғанын хабарлаған. Жалпы залал шамамен 2 млн теңгені құраған.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен 25 жастағы қала тұрғынын ұстады. Жауап алу кезінде ол кінәсін мойындаған.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Кінәсін мойындаған жағдайда күдіктіге екі жылға дейінгі мерзімге шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін.