Түркістан облысында мас халде көлік жүргізген тұрғын қамауға алынды
Түркістан облысында мас халде көлік жүргізген тұрғын қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Сарыбұлақ ауылында қызмет атқару барысында Mazda көлігін тоқтатты. Жүргізушінің құжаттарын тексеру кезінде оның 2022 жылдың тамыз айында ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабына сәйкес (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) жауапқа тартылып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылғанын анықтады.
Сонымен қатар тәртіп сақшылары оның масаң халде екендігіне күмән келтіріп, сот медициналық куәландыруға жіберді. Нәтижесінде оның мас күйде екені расталды.
Полицейлер жүргізуші ер адамды полиция бөліміне жеткізіп, аталған жайтты ҚР ҚК-нің 346-бабы (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкагольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын осындай адамның басқаруына беру немсе көлік құралын осындай адамның басқаруына беру) бойынша тіркеуге алды. Қазіргі таңда оған қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.