Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Кентау тұрғыны танысынан жалға алған көліктерді сатып жіберген 

Кентау тұрғыны танысынан жалға алған көліктерді сатып жіберген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кентау қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Азаматтың айтуынша, танысы оның Opel Vectra мен  Daewoo Nexia автокөліктерін жалға алып, қайта әкелмеген. Көлік иесі жалға алушыға хабарласқанымен, ер азамат жауап бермеген, байланыссыз кеткен. Осылайша алданғанын түсініп, полицейлерден көмек сұрады. 

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 189-бабы (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе талан-таражға салу) бойынша тіркелді. Қылмысты ашу мақсатында кентаулық тәжірибелі полиция қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Келтірілген шығын көлемі – 1,3 млн теңге.

Жедел уәкілдер іздестіру іс-шарасы кезінде күдіктінің жергілікті тұрғын екенін анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Белгілі болғандай, ол заңсыз иемденген автокөліктерді пайда табу мақсатында сатып жіберіп, ақшасын жаратқан. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру