Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Кезексіз пәтер”: Шымкентте тағы бір алаяқтық жайты анықталды

Шымкентте тағы бір алаяқтық жайты анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Абай ауданы Полиция басқармасына жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Ол өз арызында екі жылдан бергі танысы мемлекеттік бағдарламамен кезексіз пәтер алып беремін деп алдын ала 100 мың теңгесін алып, үш ай бойы уәдесін орындамай не ақшасын қайтармай жүргенін жазып көрсеткен.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Абай АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен күдіктінің жеке басын анықтауға бағытталған барлық қажетті шаралар қабылданып, жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде жергілікті жердің 31 жастағы тұрғыны анықталып, полицияға жеткізілді.

Қазіргі кезде ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру