СҚО-да «Шырша» іс-шарасы жалғасып жатыр
СҚО-да «Шырша» іс-шарасы жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесуден қорғау – жаңа жылдық мереке қарсаңындағы полиция міндеттерінің бірі. 15 желтоқсанда облыста «Шырша» акциясы бастау алды. Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері орман алқаптарына рейдтер жүргізуде.
Іс-шараларға СҚО бойынша орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының өкілдері қатысып жатыр. Полицейлер орман қорына кірмейтін ағаштар мен бұталарды заңсыз кескені, жойғаны не зақым келтіргені үшін жеке тұлғаларға 50 АЕК, орман қорына кіретін ағаштар мен бұталар үшін 100 АЕК көлемінде айыппұл салынатынын ескертеді. Келтірілген шығын сомасы 100 АЕК асқан жағдайда қылмыстық жауапкершілік қарастырылады.
– Сондай-ақ, сауда нүктелері – басты назард. Сауда жасау үшін тиісті рұқсат құжаты болуы маңызды. Бүгінгі күні заңсыз кесу және сату фактілеріне жол берілген жоқ. Акция 31 желтоқсанға дейін жалғасадыа, – дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.