Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Борышкер” ЖПІШ: Түркістан облысында полицейлер 9,5 млн теңге айыппұл өндірді

Түркістан облысының полицейлері “Борышкер” ЖПІШ аясында үш күнде 9,5 млн теңге айыппұл өндірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының ұйымдастыруымен облыс көлемінде “Борышкер” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Негізгі мақсат – әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыларды бақылау, олардың уақытылы орындауын жандандыру.  Облыс жолдарында борышкерлер мен жол ережесін қасақана бұзушыларды анықтау бойынша полиция және сот орындаушыларынан 60-тан астам мобильдік топ жұмылдырылды. 

Тәртіп сақшылары “Автоураган” жылжымалы кешені мен “Қорғау” жүйесі арқылы 350 мың теңгеге жуық төленбеген әкімшілік айыппұлы бар облыс тұрғынының Ravon автокөлігін анықтады. Полиция борышкердің көлігін айыптұраққа орналастырды. 

Жалпы, “Борышкер” ЖПІШ кезінде полицейлер 2500-ден астам әкімшілік хаттама толтырды. Борышкер жүргізушілердің 112 автокөлігі айыптұраққа қойылды. Бюджетке 9,5 миллион теңгеге жуық айыппұл өндірілді. Борышкерлердің жұмыс орны бойынша 113 ұйғарым, ал сот орындаушыларына 936 қаулы жіберілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру