Алматы полициясы ұрлық қылмысының 7 жайтына қатысы бар күдіктілерді ұстады
Алматы полициясы ұрлық қылмысының 7 жайтына қатысы бар күдіктілерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел уәкілдер ұрланған затты сатып алушыны Жамбыл облысы Қордай ауданында ұстады. Қолда бар мәліметтер бойынша ол Қырғызстан шекарасынан өтіп, Алматы тұрғындарына ұрланған телефондарды сатпақ болған.
– Сонымен қатар қылмыстық топтың тағы үш мүшесі: бір сатып алушы мен екі орындаушы ұсталды. Олардың міндеттеріне бөтеннің мүлкін жасырын жолмен ұрлау кірді. Қазір олардың жеті ұрлыққа қатысы бар екені анықталды. Мұз айдынында бір дерек тіркелді, қалған телефондарды күдікті қоғамдық көлік жолаушыларының қалтасынан шығарып алған, – деді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тәркіленген телефондар сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 188-бабымен тіркелді. Күдіктілер қамауда отыр.