Қызылорда облысында тергеу изоляторына әкелінген сәлем-сауқаттың ішінен флешка табылды
Қызылорда облысында тергеу изоляторына әкелінген сәлем-сауқаттың ішінен флешка табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде РжКБ-нің қызметкерлері тарапынан қамаудағылардың қолданылуына тыйым салынған заттардың мекеме аумағына кіріп кетуіне жол бермеу мақсатында елеулі жұмыстар күшейтілген түрде жүргізіліп жатыр.
Әйтсе де, ұсталынып отырған азаматтарға келушілер тарапынан тыйым салынған затты алып келу фактілері анықталды. Атап айтсақ, 15 желтоқсан күні сәлем-сауқатты қабылдау бөлмесіне келген Т.есімді азаматтың әкелген тамақ өнімдері ішінен тыйым салынған зат табылды. Заңға қарсы іс-әрекетке бармақ болған 35 жастағы Қызылорда қаласының тумасы болып шықты.
Ол өзінің осы мекемеде ҚР ҚК-нің 99 -бабы 1-бөлігімен айыпталған 25 жастағы танысына сәлем- сауқат әкелген болатын. Мекеменің бақылаушы қызметкерлері сәлем-сауқаттарды қабылдау кезінде қырағылық танытып, әкелінген тағамдарды жіті тексеруінің нәтижиесінде тыйым салынған затты тәркіледі.
Яғни, әкелінген қуырылған картоп ішінен фольгаға оралған бір дана 16 ГБ флешканы жасырып қойғаны анықталды. Аталған дерек негізінде бөлім қызметкерлері дер кезінде ҚР ӘҚБтК-нің 481- бабының 1- бөлігі бойынша хаттама толтырып, ісін сотқа жолдады.