Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының үш тұрғыны есірткі жинау кезінде ұсталды

Жамбыл облысында Алматы облысының үш тұрғыны есірткі жинау кезінде ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 желтоқсанда Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу – Меркі тас жолынан 25 шақырым қашықтықтағы құмды аймақтан марихуана есірткісін жинаған Алматы облысының үш тұрғынын ұстады.

Күдіктілерді жеке тінту және олар мінген Volkswagen автокөлігін тексеру барысында 5 полиэтилен пакет табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, онда жалпы салмағы 3 келі 900 грамм кептірілген марихуана есірткі заты болған.

Ұсталғандар кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

– Күдіктілерге қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл бап бойынша 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылады.

Жамбыл облысында 2022 жылдың 11 айында 594 есірткі құқық бұзушылық дерегі анықталды, оның ішінде – 219 қылмыс, 375 теріс қылық дерегі. Сондай-ақ заңсыз айналымнан 2 тонна 752 келі есірткі заты тәркіленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру