Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент тұрғыны тұрақты жұмысқа кіремін деп қомақты қаржысынан айырылды

Шымкент тұрғыны тұрақты жұмысқа кіремін деп қомақты қаржысынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай ауданы Полиция басқармасына жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Ол өз арызында бір жылдан бергі танысы Халыққа қызмет көрсету орталығына жұмысқа кіргізіп беремін деп алдын ала 1,2 млн теңгесін алып, тоғыз ай бойы уәдесін орындамай не ақшасын қайтармай алаяқтық жолмен алдап жүргенін көрсеткен.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Абай АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен күдіктінің жеке басын анықтауға бағытталған барлық қажетті шаралар қабылданып, жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде жергілікті жердің 35 жастағы тұрғыны анықталып, жеткізілді. Қазіргі кезде ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру