Алаяқ Қостанай тұрғынына мұрагерлік құқықты уәде еткен
Алаяқ Қостанай тұрғынына мұрагерлік құқықты уәде еткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
45 жастағы әйел алаяқтардың оның мұрагер атанғаны туралы хабарламасына сенген. 500 мың еуро көлеміндегі қаржыны алу үшін оған өзінің жеке деректері мен карта нөмірлерін беру қажет болды. Зардап шегуші әйел алаяқтың нұсқауларының бәрін орындаған. Салдарынан 2,5 млн теңге көлемінде өзінің ақшасынан айырылған.
Рудный қаласында да екі әйел өздерін банктің қауіпсіздік қызметкерлері деп таныстырған алаяқтардың арбауына іліккен. Өздерінің дербес деректерін бере отырып, 52 жастағы әйел өз шотында жатқан 174 мың теңге көлемінде ақшасынан айырылды. Ал екінші зардап шегуші әйелдің шотынан 700 мың теңгені шешіп алып қана қоймай, оның атына 3 млн теңге сомасына несие рәсімдеген.
Осы фактілер бойынша полицейлер ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.