Алматыда шетел азаматы есірткінің ірі партиясымен ұсталды
Алматыда шетел азаматы есірткінің ірі партиясымен ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері Өзбекстан азаматынан 81 бума синтетикалық есірткіні тәркіледі.
– ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлімінің 1,3 тармағы – алдын ала сөз байласу арқылы, адамдар тобында, есірткі, психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз айналысу бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен 2000 жылы туған М.есімді азамат ұсталды. Жеке тінту кезінде одан ерекше иісті, ақ түсті ұнтақ заты бар 81 бума табылды және тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, бұл – таратуға тыйым салынған психотроптық зат. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады, – деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының басшысы Ұлан Әбілқайыр.
Тергеу барысында күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал жедел уәкілдер қалаға шөпті жеткізу арналарын анықтап жатыр.