СҚО-да ауыл тұрғындары жылқыларын іздеп тапқан учаскелік инспекторларға алғыстарын білдірді
СҚО-да ауыл тұрғындары жылқыларын іздеп тапқан учаскелік инспекторларға алғыстарын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сенбі күні кешке Қызылжар ауданының Малое Белое ауылындағы үйлердің бірінің ауласынан екі бие қашып кеткен. Иелері өз күшімен іздегенімен еш нәтиже болмаған. Таңертең ауыл тұрғындары учаскелік инспектор Аман Байтеңізовке жүгінді. Аман мен көршілес ауылдық округтегі әріптесі Қайыртай Нұрғалиев қызметтік Нива көлігіне мініп, ауылдан 5 шақырым жерде орман ішінде жүрген жылқыларды тауып алды. Тәртіп сақшыларының жұмысы риза болған ауылдықтар Instagram әлеуметтік желісінде алғыстарын білдірді.
– Өзіміз іздеп көрдік. Алайда мұнымыздан түк шықпады. Полиция қызметкерлеріне жүгінуге тура келді. Абырой болғанда, жануарлар табылып, шаруашылыққа шығын келтірілмеді. Көмек үшін жігіттерге рақмет. Оларға мықты денсаулық, амандық тілейміз, – деп жазған ауылдықтар.
Аман Байтеңізов Асанов ауылдық округінде 2 жыл қызмет атқарып келеді. Округ құрамына 5 ауыл кіреді. Малое Белое – ең алыс орналасқан ауыл, Асаново ауылынан шамамен 40 шақырым орналасқан. Десе де, Аман ауылдардағы тәртіпті қадағалап үлгереді. Әлеуметтік желілерде жарияланған фотосуреттің астында қызылжарлықтар «Аман жарайсың», «Аман өте жақсы қызметкер. Ол Петерфельдте учаскелік инспектор болған», «Әрдайым көмекке келеді», «Қайыртай да өте жақсы қызметкер» деген жақсы пікірлер жазған.
– Учаскелік полиция инспекторы – ауылды жерде құқықтық тәртіпті сақтауда басты тұлға болып табылады. Заңдылықтың сақталуы көбінесе тұрғындардың полиция қызметкерімен сенімді қарым-қатынасына байланысты. Осындай алғыс сөздері қызметте үлкен қолдау және жақсы мотивация, – дейді Қызылжар ауданы полиция бөлімінің бастығы Әлихан Байқадамов.