Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада екі жігіт көлік ұрлап кетті

Астанада екі жігіт көлік ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға елорда тұрғыны жүгініп, жеке үйдің ауласынан белгісіз адамдар оның Lada Largus автокөлігін айдап әкеткені туралы арызданған. Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде Алматы ауданы ПБ полиция бөлімінің қызметкерлері 17 және 19 жастағы екі жігітті анықтады.

Тергеу барысында жастар түнде елорда көшелерімен серуендеп жүргені белгілі болды. Айнакөл көшесінен өтіп бара жатып, олар оталдырып қалдырылған автокөлікті байқаған. Жас жігіттер көліктің тұтқасын тартып көріп, оталу кілттерінің салонда қалғанын байқап, аталған көлікті айдап әкеткен.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Олардың қала аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Кәмелетке толмаған баланы ювеналды полиция қызметкерлері ерекше бақылауға алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру