Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте жанармай құю бекетіне қарақшылық шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Шымкентте жанармай құю бекетіне қарақшылық шабуыл жасаған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай аудандық полиция басқармасына түнгі сағат 03:30 шамасында жанармай құюшы қоңырау шалып, қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабарлады. Оқиға орнына бірден жедел-тергеу тобының қызметкерлері, учаскелік инспекторлар мен прокурорлар барды.

Белгілі болғандай, қара киінген, бетперде таққан ер адам жанармай құюшыны пышақпен қорқытып, ақша талап еткені анықталды. Алайда кассада қолма-қол ақша болмағандықтан, ол ештеңе ала алмай, қашып кеткен.

Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 192-бабы (Қарақшылық) бойынша СДТБТ-ға тіркеді. Полиция басқармасының жеке құрамы күдіктіні ұстауға және қылмысты ашуға бағытталды. Департаменттің криминалдық полициясының жедел қызметкерлері де іздеуге қосылды. Екі аптаға жуық уақыт бойы полицейлер шабуылдаушының жеке басын анықтау және оны ұстау үшін жұмыс істеді. Нәтижесінде күдікті қала аумағында құрықталды. Оның бұған дейін сотталғаны анықталды. Ер адам террористік немесе экстремистік әрекетті ұйымдастыруға қатысқаны үшін 8 жыл жазасын өтеген.

Қазіргі таңда күдікті қамауда. Оған қатысты тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталады. Полиция күдіктінің басқа да қылмысқа қатысы болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру