СҚО бойынша ҚАЖД-да «Ардагерлер жылы» жарияланды
СҚО бойынша ҚАЖ департаментінде өткен жылғы жұмыс қорытындысы қаралды. Жиынға әкімдіктің, қадағалау және полиция ведомстволарының басшылығы, жеке құрам, өңірдің пенетециарлық жүйесінің ардагерлері қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кеңес барысында жеке құрамға ішкі істер министрінің кеңейтілген алқа отырысында айтқан міндеттері жеткізілді.
Ішкі істер органдарын цифрландыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмысты жандандырудың, сондай-ақ тұтастай алғанда елдегі қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Департамент бастығының міндетін атқарушы Берік Біләлов 2023 жылды ҚАЖ ардагерлерінің жылы деп ресми түрде жариялады.
Қазіргі уақытта ведомствоның ардагерлер кеңесінде 575 адам бар. Дауыс беру арқылы кеңестің төрағасы болып бұрын Солтүстік Қазақстан облысы ҚАЖ басқармасы бастығының бірінші орынбасары болып жұмыс істеген Еркеұлан Бектұров сайланды.
Берік Біләлов ардагерлер ұйымын қызметкерлердің жас буынына білім мен дағдыларды беруде, мемлекеттік мерекелер, атаулы күндер, жастарға патриоттық тәрбие беру, қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқандарды еске алу шараларын өткізуде қолдаудың маңыздылығын атап өтті.
Алдағы 12 айда ардагерлер түрлі іс-шараларға жан-жақты қатысатыны атап өтілді. Спорттық-бұқаралық және мәдени іс-шараларды өткізуден басқа, аға буынның мекемелер мен департаменттің жұмысын ұйымдастыруға белсенді қатысуы жоспарланды.