Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында 100 келіден астам есірткі жойылды

Қостанай облысында 100 келіден астам есірткі жойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай полицейлері қылмыстық іс шеңберінде заттай дәлелдемелер ретінде заңсыз айналымнан алынған 100 келіден астам есірткіні жойды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы тамыз айында “Қарасора – 2022” жедел алдын алу іс-шарасы аясында Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері өңірге есірткі жеткізу арнасының жолын кесті. Жедел іс-шараларды өткізу кезінде Қостанай – Әулиекөл – Сұрған тас жолының 107-шақырымында Lada Largus көлігін басқарған Қарабалық ауданының 46 жастағы тұрғынын тоқтатты. Тінту барысында көліктің салонынан өсімдік тектес зат салынған үш қап табылған.

Сараптама бұл заттың салмағы 100 келіден астам кептірілген марихуана екенін көрсетті. Алғашқы тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде аталған есірткінің ірі партиясы облысқа еліміздің оңтүстік өңірлерінен жеткізілгені анықталды.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа жолданды. Есірткі құралдарын жою акциясы қоқыс полигонының аумағында өтті. Процесті арнайы комиссия бақылап отырды.

Өткен жылы полицейлер 300 келіге жуық түрлі есірткі затын жойды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру