Ақмола облысының тұрғыны бос тұрған үйдің қорасына ұрлыққа түскен
Ақмола облысының тұрғыны бос тұрған үйдің қорасына ұрлыққа түскен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
21 қаңтарда Ақкөл ауданының полиция бөліміне 49 жастағы жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, 18-21 қаңтар аралығында белгісіз адам үйдің ауласынан дөңгелек араның қосалқы бөлшектерін ұрлап кеткен. Залал сомасы шамамен 150 мың теңгені құрайды.
Арызданған азаматтың сөзінше, ұрлық жасалған үй қыс мезгілінде бос болады. Ер адам ара-арасында итті тамақтандыру үшін келіп тұрады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталды. Ол бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған 25 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Бос үйді байқаған ер адам қорасына кіріп, дөңгелек ара мен рельстердің бір бөлігін ұрлап кетіп, оларды металл қабылдау пунктіне тапсырған.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.