Алматыда шетел азаматтары қалта ұрлығымен айналысқан
Алматыда шетел азаматтары қалта ұрлығымен айналысқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Смартфондарды ұрлады деген күдікке ілінген Өзбекстан азаматтары – 42 жастағы С.есімді азамат және оның 46 жастағы серігі.
– Белгілі болғандай, ер адамдар бірнеше ай бойы ұрлықпен айналысқан, олар негізінен қоғамдық көлікте қылмыс жасап жүрген. Телефондар қаскөйлердің олжасы болды. Күдіктілер ұсталды. Тәркіленген телефондар олардың «іс-әрекетінің» дәлелі болды. Қазіргі уақытта тергеу күдіктілердің 3 ұрлық дерегіне қатыстылығын анықтады. Тағы да эпизодтар болуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Осы мақсатта ұсталғандардың жеке басы басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексеріліп жатыр, – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.