Маңғыстау полицейлері алаяқтықпен айналысқан күдіктіні ұстады
Маңғыстау полицейлері алаяқтықпен айналысқан күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
10 қаңтар күні сағат 14:00 шамасында Маңғыстау облысы ПД КПБ киберқылмысқа қарсы күрес тобының қызметкерлері және Forte bank қауіпсіздік қызметкерлері алаяқтықпен айналысқан өзге қаланың тұрғыны, дроппер-алаяқты анықтап, ұстады.
Дропперлер жәбірленушілерден қылмыстық жолмен алған қаражатты өзінің банктік картасына аудартып, кейін алаяқтықпен айналысып жүрген адамдарға жібереді. Дроппер жасаған “жұмысы” үшін қаржының белгілі бір пайызын алу арқылы табыс табады.
Маңғыстау облысының полиция департаменті интернет-алаяқтарға жәрдемдескені үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгендігі туралы ескертеді және тұрғындар мен қонақтардан өздерінің жеке деректерін бейтаныс тұлғаларға бермеуін сұрайды.