Жамбылдық полицейлер бір айда 50-ден астам мас жүргізушіні анықтады
Жамбылдық полицейлер бір айда 50-ден астам мас жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл облысының аумағында жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында мас жүргізушілерді анықтау бойынша күнделікті жұмыстар жүргізіледі.
Жыл басынан бері жергілікті полиция қызметкерлері 7800-ден астам жол ережесін бұзу дерегін тіркеді және көлікті мас күйінде басқарған 52 жүргізушіні ұстады. Осы санаттағы бұзушылардың жалпы санынан 3 адам мас күйінде көлікке қайта отырған.
Байзақ ауданындағы аумақты патрульдеу кезінде жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 33 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы Volkswagen Vento маркалы көлік тоқтатылды. Жүргізушіден алкогольдің иісі шыққан, медициналық куәландыру мас күйінде болғанын растады.
Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ҚК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Бұл баптың санкциясы 15 тәулікке қамауға алуды және көлік құралын басқару құқығынан 7 жыл мерзімге айыруды көздейді.