Қазақстанда «ODARA» халықаралық жүйесі іске қосылады
Қазақстанда «ODARA» халықаралық жүйесі іске қосылады, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты ІІМ-нің апталық брифингіне сілтеме жасап.
Қазақстанда полицияға жылына 100 мыңнан аса тұрмыстық жанжалдар туралы өтініштер келіп түседі.
– Әрине, жанжалдар әртүрлі, сондай-ақ олардан болатын салдарлар да ерекшеленеді. Қауіптілігі жоғары отбасыларды анықтау үшін Германия елінің «ODARA» жүйесі елімізде тестілу үшін қолданылады. Онда тұрмыстық зорлық-зомбылық жасалған жағдайда «ODARA» сауалнамасы толтырылады. Ол 13 сұрақтан тұрады, тек 4 сұраққа қатысушылар жауап береді, қалған 9-ға ақпарат тиісті мәліметтер базасынан жиналады. Бұл тек пилоттық жоба, – деді ҚР ІІМ ӘПК-нің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақмарал Серікбаева.
Оның айтуынша, өзінің тиімділігін көрсететін тетіктер қоғаммен серіктестікте Қоғамдық қауіпсіздік тұжырымдамасында көзделетін болады.
– Оны жұртшылықты, үкіметтік емес ұйымдарды, ұлттық және халықаралық сарапшыларды, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдарды белсенді тарта отырып әзірледік. Ол үшін ІІМ ресми сайтында ұсыныстар жинау бойынша арнайы бет құрылды. Өткен аптада ІІМ Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Кеңес мүшелері бұған үлкен қызығушылық білдірді және жергілікті аймақтарда қоғамдастықпен талқылау үшін олардың өңірлерге шығу кестесі жасалды. Сондай-ақ, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудағы әріптестік мәселелері бойынша Форум өткізілді, онда Тұжырымдаманың негізгі элементтері де таныстырылды. Осылайша, тұжырымдама қоғамның заманауи және өзекті сұрауларын ескереді. Бұл «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасына сәйкес келеді. Біздің көрермендер де тұжырымдаманы әзірлеуге белсенді қатысады деп үміттенеміз, – деді ол.