Ақмола полицейлері көлік жүргізу құқығынан айырылған кезекті жүргізушіні ұстады
Ақмола полицейлері көлік жүргізу құқығынан айырылған кезекті жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
11 ақпанға қараған түні Зеренді ауданы Айдабол ауылында патрульдік полиция тобының қызметкерлері Айдабол ауылының 27 жастағы тұрғынының басқаруындағы Audi 80 автокөлігін тоқтатқан. Жүргізушіден шыққан алкогольдің иісін сезген полиция ер адамды көлік құралын басқарудан шеттетті. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, бұл азамат “жеңіл” дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болған.
Деректер базасы бойынша тексеру кезінде ақмолалық ағымдағы жылдың қаңтар айында көлік құралын басқару құқығынан 7 жыл мерзімге айырылғаны анықталды. Көлік айып тұрағына қамалды.
Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде болған адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Ақмолалықтың айтуынша, ол сыныптасымен дәмханада кездесіп, полиция қызметкерлері ұстаған кезде үйіне бара жатқан.