Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық мектепте Қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен серіктестікте қамтамасыз ету тұжырымдамасының жобасы талқыланды

Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың тапсырмасы бойынша бүгін тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов №22 мектеп-лицейдің жоғары сынып оқушыларымен және оқытушылар құрамымен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кездесу барысында Қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен серіктестікте қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы талқыланды.

Тұжырымдаманың басты ерекшелігі – оны әзірлеу тәсілдерінің өзгеруі. Бұған дейін профилактика бойынша барлық бағдарламалық құжаттар тек ІІМ қабырғасында дайындалған болатын. Бұл жол карталары, кешенді жоспарлар және ведомстволық бағдарламалар.

Енді тұжырымдаманы әзірлеуге бірінші кезеңнен бастап жұртшылық, үкіметтік емес ұйымдар, тәуелсіз сарапшылар, халықаралық ұйымдар, ғылыми қоғамдастық, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдар белсенді түрде тартылатын болады.

Құжат ішкі істер органдарының барлық салаларды толық қамти отырып, қауіпсіз және құқықтық қоғам құру үшін азаматтармен өзара іс-қимылдың «сервистік» моделіне кезең-кезеңімен көшуін көздейді.

Шарада қылмыскерлердің 80%-ы жұмыссыз, 33%-ы бұрын сотталған екендігі, жеке тұлғаға қарсы қылмыстардың 50%-ы алкогольдік және есірткілік мас күйде жасалғаны, әрбір екінші кәмелетке толмаған құқық бұзушының оқымағандығы және жұмыс істемегендігі, сондай-ақ мегаполистердегі қылмыстардың 51%-ы өзге өңірлерден келгендермен жасалатындығы атап өтілді.

– Тек полицияның көмегімен қылмыстық құқық бұзушылық жасау проблемаларын шешу мүмкін емес. Өйткені бұған әлеуметтік, экономикалық, географиялық, көші-қон, табиғи, мәдени, демографиялық және басқа да факторлар әсер етеді. Қылмыс деңгейіне 250-ден астам фактор әсер ететіні ғылыми негізде дәлелденген. Тұжырымдамада көрсетілген шаралар Қазақстанның тұрақты дамуы үшін құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің сапалы әрі жаңа деңгейіне өтуге мүмкіндік береді, – деді Санжар Әділов.

Кездесу шамамен екі сағатқа созылды. Жиын соңы қызу талқылауға ұласты. Мектеп оқушылары мен мұғалімдер ұжымы құқықтық тәртіпті сақтау және есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл бойынша бірқатар ұсыныстар айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру