СҚО полицейлері ауыл тұрғынын ауруханаға жеткізуге көмектесті
СҚО полицейлері ауыл тұрғынын ауруханаға жеткізуге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мұндай сөздер патрульдік полиция батальонының қызметкері Ерқанат Еркіновке WhatsApp мессенджері арқылы келіп түсті. Ол жексенбі күні жанындағы серіктесі Асиман Мирзоевпен бірге Челябі – Новосібір автожолында жол қауіпсздігін қамтамасыз етіп жүрген. Осы жолдың 537 шақырымында Chevrolet Aveo көлігін жүргізіп келе жатқан Пеньково ауылының тұрғыны полицейлерден көмек сұрады. Ол жүрегі ауырған ауылдасын ауруханаға жеткізе алмаудан қорыққан. Полиция шетелдік көліктің алдына түсіп, жарқылдауық маяктары мен сиранасын қосып діттеген жерге аттанды. Медициналық көмекке мұқтаж 43 жастағы ер адам жедел түрде Кардиологиялық орталыққа жеткізілді.
Кейін оның жұбайы қызметкерлердің бірінің телефон нөмірін біліп, алғысын жазып жіберген.
– Сәлеметсіз бе! Сіз бүгін «Chevrolet Aveo» автокөлігіне мінген менің жолдасымды аман-есен жеткізуге көмектестіңіз. Ол жүрек талмасына ұшырады. Мен оның жұбайымын. Уақытылы жеткізіп, дәрігерлерге тапсырылды. Қажетті көмек көрсетілді, – делінген хабарламада.
– Қызметкерлер тек өз міндеттерін орындады. Патрульдік экипаждар кезекшілікке шығар алдында оларға қиын жағдайға тап болған адамдарға көмектесу туралы айтылады. Десе де, азаматтардың алғысы қызметкерлерді жұмысты жақсы атқаруға ынталандырады, – дейді СҚО ПД патрульдік полиция батальонының командирі Уәлихан Оразалин.