Алматыдағы екі бардың қызметкерлері есірткі сатты деген күдікке ілінді
Алматыдағы екі бардың қызметкерлері есірткі сатты деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Арнайы іс-шараны Алматы қалалық ҰҚқКБ-ның қызметкерлері полицияның арнайы жасағының көмегімен және қалалық прокуратураның үйлестіруімен жүргізді.
Нәтижесінде екі ойын-сауық мекемесінде есірткі сатумен айналысқандар ұсталды.
– Бірінші жағдайда Әл-Фараби даңғылында орналасқан караоке-бардың 29 жастағы даяшысы біздің назарымызға ілікті. Ер адам клиенттердің өтініші бойынша тамақ пен сусын ғана емес, синтетикалық есірткі де алып келіп беретіні белгілі болды. Оның қылмыстық әрекеті ресми түрде құжатталды. «Самал» ықшам ауданында орналасқан тағы бір караоке-клубының әкімшісі есірткі сатумен айналысқан. Мефедрон есірткі затын сату кезінде 22 жастағы Н. есімді азамат ұсталды. Екі күдікті де қамауға алынды, – деді ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Жанат Нұрғалиев.
Полицияда есірткі жеткізу арнасы мен оны жүзеге асыру тізбегі жедел іс-шаралардың қорытындысы бойынша белгілі болатынын нақтылады.
ҚР ҚПК-нің 201 бабының талаптарына, сондай-ақ ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес, қылмыстық іс бойынша өзге де мәліметтер жария етуге жатпайтынын хабарлайды.