Қарағанды облысының фитнес-орталығынан телефон ұрлаған азаматша ұсталды
Шахтинскте фитнес-орталығынан телефон ұрлаған азаматша ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды облысы, Шахтинск қалалық полиция бөліміне 30 жастағы азаматша арызбен шағымданды. Жәбірленуші қаладағы фитнес-орталығында жаттығумен айналысқан. Арыз берген күні ол жаттығуын аяқтап, киім шешінетін бөлмеге келгенде белгісіз біреудің құны 724 мың теңге тұратын ұялы телефонын ұрлап әкеткенін байқаған.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді. Полиция қызметкерлерімен сауықтыру орталығында орналасқан бейнебақылау камераларын қарау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде қолында ұялы телефон алып шығып бара жатқан азаматшаның бейнежазбасы анықталды.
Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ізін суытпай осы іске қатысы бар деген күдікпен 31 жастағы азаматша анықталып ұсталды. Ол да сол фитнес-орталығының келушісі болған. Ұсталған азаматша мойындау көрсетпе белгілерін берді. Айғақ зат тәркіленді.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.