Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер 33 қару мен 25,5 мыңнан астам патронды тәркіледі

Жамбылдық полицейлер 33 қару мен 25,5 мыңнан астам патронды тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы полиция департаментінің қызметкерлері заңсыз сақталған қаруды іздеу және тәркілеу  жұмыстарын жалғастырып жатыр.


Ағымдағы жылдың ақпан айында полиция қызметкерлері 33  қару, оның ішінде 3 Калашников автоматы, 9 тапанша (оның ішінде 3 Макаров тапаншасы), 2  мылтық, 18 тегіс ұңғылы мылтық, 1 аңшылық шолақ мылтығы және 25 562 түрлі калибрлі патрон тәркіленді. Барлық тәркіленген  қарулардың ішінде 3-уі  Жамбыл облысының полиция департаментінен жоғалған.
Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің  287-бабы 3-бөлігімен (Атыс қаруын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.


Барлық алынған  қаруларға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. 

Жамбыл облысының полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оны полицияға өз еркімен тапсырған адам, егер басқа құқық бұзушылықтарға қатысы болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын ескертеді. Анонимділікке кепілдік беріледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру