Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында қоғамдық құрылымдардың көмегімен 200-ге жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Қостанай облысында қоғамдық құрылымдардың көмегімен 200-ге жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өңірде “Сақшы” құқық қорғау бағытындағы 361 жасақ жұмыс істейді. Онда 1 мыңға жуық адам бар. Олар 200-ге жуық құқық бұзушылықтың жолын кесті.

Есеп беру кездесуінде Қостанай облысы ПД бастығы Ерлан Омарбеков азаматтардың қауіпсіз орта құруға қатысуын, сондай-ақ азаматтық белсенділер тарапынан полицейлерге көмек көрсетуді ерекше атап өтті.

Сондай-ақ құқық қорғау қызметтерін сапалы көрсетудің ажырамас бөлігі қадамдық қолжетімділік қағидатын қамтамасыз ету болып табылады.

– Полицияның материалдық-техникалық жабдықталуы едәуір жақсарды. Мәселен, автокөлік сатып алынып, жаңа учаскелік пункттер мен модульдік полиция бекеттері ашылып жатыр, – деді Ерлан Омарбеков.

Өңірде полиция жұмысының сервистік моделін енгізу жалғасып жатыр. Қазір пилоттық жоба Қостанай қаласының оңтүстік бөлігінде жүзеге асырылып жатыр. Биыл Қостанай облысының барлық қалалары мен аудандарында полицияның сервистік моделін кеңейту жоспарланған.

Сондай-ақ есеп беру кездесуінде Қостанай облысы полиция департаментінің 2023-2026 жылдарға арналған үлгілі полиция мәдениетін құру тұжырымдамасы әзірленгені сөз етілді. Онда азаматтардың жеке, мүліктік және қоғамдық қауіпсіздікке қажеттіліктеріне бағдарланған полиция жұмысын трансформациялау жөніндегі шаралар көзделген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру