Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Полиция аруы»: Алматыда ең сұлу және дарынды полиция қызметкері таңдалды

Алматыда көктемнің келуі және 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай ең сұлу және дарынды полицей ару таңдалды. Сайысқа қатысқан 12 ару мен зерделі бойжеткен тек сұлулық пен нәзіктік жағынан ғана емес, дене шынықтыру дайындығынан да бақ сынады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Гала-концерт төрт кезең бойынша өтті. Тергеушілер, патрульдік полиция қызметкерлері, криминалистер, жедел уәкілдер, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлар, жедел кезекшілер мен арнайы жасақ сарбазы өз білімдерін көрсетіп, тамаша өнерлерін паш етті.

– «Полиция аруы» атағы үшін тартыс қызу өтті. Қазылар алқасына оңай болған жоқ, өйткені ерлермен тең дәрежеде құқық қорғау органдарында лайықты қызмет атқарып, қылмыспен күресіп жүрген әріптестеріміз, әйелдердің мүмкіндіктерінде шек жоқ екенін тағы бір рет дәлелдеді. Олар үлгілі, кейде таптырмас еңбекқор ғана емес, қамқор ана, аяулы жар, шаңырақ ошағын сақтаушы бола білді. Сонымен қатар, олар әрқашан сұлу, мейірімді, жанашыр болып қала береді, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары, қазылар алқасының төрағасы Олжас Мырзабеков.

Байқау қорытындысы бойынша үшінші орынды ПД жедел-криминалистикалық басқармасының қызметкері Әсима Барлыбекова иеленді. Екінші орын Наурызбай аудандық ПБ ювеналды полиция бөлімінің инспекторы Динараға Мадрахимоваға берілді. ПД ақпараттандыру және байланыс басқармасының технигі Әсел Қажияхмет «Полиция аруы» атанды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру