Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында екі сотталған квота бойынша жұмысқа орналасты

Қызылорда облысы бойынша әлеуметтік құқықтық көмек көрсету мақсатында екі сотталған квота бойынша жұмысқа орналасты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жуырда Арал аудандық жұмыспен қамту орталығы бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді. Бұл шараға Арал аудандық пробация қызметкерлерімен Арал аудандық прокурордың көмекшісі және де есепте тұрған екі сотталған қатыстырылды.

Квотамен жұмысқа орналасқан С.есімді азамат Арал аудандық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 188- бабы 3-бөлігі 3-тармағымен (Ұрлық) кінәлі деп танылып, бас бостандығын шектеу жазасына сотталып, жазасының барлық мерзімінде қоғамдық жұмысқа тарту белгіленген. Осы сотталғандарга әлеуметтік құқықтық көмек көрсету мақсатында екі азаматқа квота бойынша «Арал құрылыс» ЖШС мекемесінде тұрақты жұмысқа орналасты.

– Жаза басып, қателік жасадым. Өмірден өз орнымды табуыма пробация қызметкерлері көмек көрсетіп жатыр. Міне, бүгін квота бойынша тұрақты жұмысқа да орналастырды. Осы ретте пробация қызметкерлеріне алғысымды білдіремін, – деді пробация есебіндегі азамат.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру