Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте автокөліктен 2,5 млн теңгеге жуық ақша ұрлаған азамат ұсталды

Шымкентте автокөліктен 2,5 млн теңгеге жуық ақша ұрлаған азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әл-Фараби ауданы полиция басқармасына жергілікті тұрғын шағымданған. Ол өз арызында үйінің ауласында тұған Hyundai Elantra автокөлігіне белгісіз тұлға ұрлыққа түсіп, ішінде болған 5 мың АҚШ долларын және 180 мың теңгесін жымқырып кеткендігін жазып көрсеткен. Келтірілген шығын көлемі 2 млн теңгеден асады. Орын алған оқиға бойынша тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел тергеу тобы құрылып, қылмысты ашу үшін шұғыл түрде іске кірісті. Ұрлық болған аймақты бір шолып шығып, айналадағы бейнебақылау камераларын мұқият қарап, жақын маңайдағы азаматтардан түсінік алынды. Нәтижесінде күдікті азамат анықталып, басқармаға жеткізілді. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Ол 20 жастағы студент екендігі анықталды.

Тергеу кезінде белгілі болғандай, күдікті таңертеңгі сағат 08:03 шамасында көше бойында ешкім жоқтығын пайдаланып, маңайдағы үйлердің біріне қақпасы арқылы заңсыз кірген. Аулада тұрған автокөліктің алдыңғы оң жақ терезесін сындырып, ішіндегі ақшаларды ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған.

Ұсталған азамат өз кінәсін толықтай мойындап отыр. Заңсыз әрекетке қаржы тапшылығынан барғанын және бұл үшін өкінетінін жеткізді. Қазіргі кезде күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-тің 188-бабының 3-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Осы ретте, полиция қызметкерлері азаматтарға жеке мүліктеріне мұқият болып, сақтық шараларын қатаңдатуды ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру