Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан полицейлері жылыту батареясын ұрлаған күдіктіні ұстады

Түркістан полицейлері жылыту батареясын ұрлаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғындардың бірі арызданып, үйіне ұры түскенін хабарлайды. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз адамдар оның үйіне терезеден кіріп, жылыту батареясын ұрлап кеткен.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеліп, полицейлер күдіктілерді іздеуге бірден кірісті.

Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы қажетті іс-шараларды жүзеге асырды. Сондай-ақ патрульдік полицейлер күдіктілерді іздеуге бағытталды. Тәртіп сақшылары аулаларды аралап, бейнебақылау камераларын қарап, куәлардан жауап алды.

Осылайша Түркістан қаласының полицейлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде «ізін суытпай» бөтеннің мүлкін ұрлаған күдіктіні анықтады. Ол бұрын сотталған облыс орталығының тұрғыны болып шықты. Ер адам барлық жағдайды анықтау үшін полиция бөліміне жеткізілді.

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру