Қызылорда полицейлері көлікті айдап әкеткен азаматты ұстады
Қызылорда полицейлері көлікті айдап әкеткен азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қала тұрғыны Қызылорда қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне хабарласып, өзіне тиесілі көшелерінің бірінде тұрған Nexia көлігін белгісіз адам айдап кеткендігі туралы арызданған.
Жедел басқару орталығы айдап әкетушіні анықтау және ұстау туралы дереу хабарлама береді. Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Ол 34 жастағы азамат, қала тұрғыны болып шықты. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабының 1-бөлігімен (Ұрлау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.