Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада сотталғандарға медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті

Облыстық ҚАЖ мекемелеріндегі сотталғандарға медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінде департамент бастығының орынбасары Ж.Әбдіқайыровтың төрағалығымен дөңгелек үстел өтті. Шараға Қызылорда облыстық прокуратурасының үкімдердің орындалуын қадағалау басқармасының бастығы Асхат Әбіләзім, басқарманың аға прокуроры Махмут Алмас, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шайымбетов, облыстық денсаулық сақтау басқармасы медициналық көмекті ұйымдастыру бөлімінің басшысы Раушан Бактиберлина, №3 қалалық емхана бас дәрігерінің орынбасары Лейла Ахмет, №6 қалалық емхана бас дәрігерінің орынбасары  Нүргүл Жалғасбаева, №37, №60, №68 мекемесінің бастықтары қатысты.

Жиынды ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Ж.Әбдіқайыров ашып, күн тәртібіндегі мәселелерге тоқталды. Дөңгелек үстелде ҚАЖ мекемелеріндегі сотталғандарға медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл мәселелері талқыланып, туындаған мәселелі сұрақтардың шешу жолдары қаралды.

ҚР Президентінің №622 Жарлығына сәйкес, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап түзеу мекемелерінің медициналық қызметтері денсаулық сақтау басқармаларына берілді. Осы ретте облыстық денсаулық сақтау басқармасының №3, №6 емханасының дәрігерлері ҚАЖ мекемелеріндегі мыңнан астам сотталғанның денсаулық жағдайын бақылап, аурудың уақытылы алдын алу мақсатында ФГДС,КТ,МРТ-дан өткізіп жатыр.

– Біздің Ата заңымыздың бірінші бабында: «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп нақты жазылған. Сондықтан біз әрбір сотталғанның денсаулығына бей-жай қарамаймыз. Бірінші кезекте сотталғандардың денсаулығын қадағалап, уақытылы медициналық көмек көрсетіп, скрингтік және профилактикалық тексерулер мен жылжымалы медициналық көмек «Денсаулық пойызын» ұйымдастыру мақсатында өткізілген кездесуде сала мамандарымен жұмыс барысында туындаған мәселелерді бірлесе отырып, шешімін таптық. Денсаулық сақтау басқармасымен ынтымақтастықта, бірлесе жұмыс атқарар болсақ, сотталғандар тарапынан денсаулығына байланысты арыз-шағымы азаяды, – деді Ж.Әбдіқайыров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру