Теміртаулық полицейлер қоғамдық көлікте ұрланған телефонды иесіне қайтарды
Теміртаулық полицейлер қоғамдық көлікте ұрланған телефонды иесіне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Теміртау қалалық полиция басқармасына қарасты шығыс полиция бөліміне 39 жастағы қала тұрғыны хабарласты. Тұрғын қоғамдық көліктен өзіне қажетті аялдамадан шыққанда қалтасындағы телефонын белгісіз біреу ұрлап алғанын байқаған.
Оған келтірілген шығын көлемі 90 мың теңгені құрады.
Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 18 жастағы азаматша анықталып, ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ зат тәркіленді.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.